Абай облысындағы 4 баланың өлімі: Бас прокуратура пікір білдірді (видео)
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Аягөз қаласында өрт салдарынан көз жұмған 4 баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
"Өрттің не себепті болғанының бәрі анықталады. Бүгінде тергеу амалдары басталды. Қазір сізге өрттің қалай болған айта алмаймын", - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.
Айта кетейік, кеше Абай облысы Аягөз қаласында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 4 бала қаза тапқан еді.