«Төрт баланың денесі табылды»: Аягөзде қайғылы оқиға орын алды
Абай облысы Аягөз қаласында өрт болып, төрт бала өлі табылды, деп хабарлайды Oіnet.kz тілшісі Massaget.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түскен. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.
Өртсөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.