Автоматпен қаруланған ер адам 22 тұрғынды атып өлтірді

Oinet.kz 26-10-2023 943

АҚШ-та Мэн штатының Льюистон қаласында екі рет жаппай атыс болып, соның салдарынан 22 адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі CNN арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Атыс Recreation, Mollison way боулингінде және Линкольн көшесіндегі Schemengees bar & grille мейрамханасында болған. Соның кесірінен 60-қа жуық адам жарақат алған. Күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Тергеу аяқталғанша барлық бизнес өкілдерін уақытша жабылуға шақырамыз", — деді Андроскоггин округінің шериф кеңсесі.

Күдіктінің мылтық ұстаған фотосы жарияланған. Ол 40 жастағы Роберт Кард екені анықталды. 

Льюистонға жақын Оберн қаласының билігі де тұрғындарды атыс жағдайына байланысты үйден көп шықпауға шақырды.

5 мифов о телевизоре, которым не стоит верить
«Төрт баланың денесі табылды»: Аягөзде қайғылы оқиға орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу