«Көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген»: Ер адам әйелінің жыныс мүшесіне петарда салып жарған

Oinet.kz 06-10-2023 2308

Чехияда әйелінің жыныс мүшесіне петарда салып жарған украиналық ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Чехияның Пльзен облысы Кожланы қаласында әйелі көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген 35 жастағы ер адам оны ұрып-соғып, жыныс мүшесіне петарда салып жарған.

Петарда жарылғаннан кейін жәбірленуші қатты қансырай бастаған. Ер адам оны ауруханаға өзі апарып, әйелі ұрыс-керіс салдарынан жарақат алғанын айтқан.

"Әрине, дәрігерлер әйелдің жарақаттары күйеуі сипаттаған жағдайға ұқсамайтынын түсінді, тіпті олар бұл туралы полицияға хабарлаған", - деді полиция өкілі Михаэла Рейндлова.

Оқиға 30 қыркүйекте болған. Полицейлер ер адамды ұстады. 3 қазанда сот оны қамауға алды.

"Егер ол бостандыққа шықса, оған қылмыстық іс қозғалмау мүмкін, ол мұндай қылмыстық әрекеттерін жалғастыруы мүмкін деген қауіп бар", - деді судья Радек Видра.

Әйелге ауыр жарақат келтіргені үшін ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот отырысында ер адам өзінің әрекетін түсіндіруден бас тартты. Алайда оның қорғаушысы қамауға алу шешіміне апелляциялық шағым түсіріп үлгерген. 35 жастағы жәбірленуші әлі ауруханада жатыр. Оның жағдайы өте ауыр.

«Аяғы сал тартып, жүре алмай қалған»: Жүзден астам оқушы белгісіз аурумен ауруханаға түсті
4 причины купить Nothing Phone 2: обзор смартфона с уникальной подсветкой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу