«Біз сендерге не істеп қойдық?»: Қазнетте такси жүргізушісінің жанайқайы талқыланып жатыр (видео)
Қазнетте клиенттер рейтингін төмендетіп тастағанын айтып шағымданған "такси жүргізушісінің жанайқайы" талқылап жатыр, деп хабарлайды Oіnet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Ер адам такси қолданбасындағы жүргізуші рейтингі неге төмендеп жатқанын түсінбейтінін айтады. Видео телеграм-арнада жарияланған.
"Яндексті қолданатындардың бәрі, клиенттер. Мен екі аптадан бері такси жүргіземін, екі аптада рейтингім 20 пайызға төмендеді. Мұның бәрі сіздер саусағыңызбен бір "жұлдыз" қойғаныңыз үшін. Не үшін? Мен осы екі апта бойы сіздерге жағуға тырыстым (цензурадан өткен аударма – ред.еск.) "Қайырлы таң, қайырлы күн, баршаңызға жақсы күн тілеймін!",- деп. Неге маған бір "жұлдыз" қойып жатырсыздар? Ей!
Менің 3 балам бар. Мен көлікті, пәтерді жалға аламын. Маған өте қиын. Бірақ сіздер біткен саусақтарыңызбен 1 жұлдызша баасасыздар. Бұл оны одан әрі ушықтырады. Егер эконом қызмет ұнамаса, бизнес-класс такси шақырыңыздар. Керемет, таза көлік келеді. Бизнес-класс шақырыңыздар. Бізге 1 жұлдызша басып керек емес. Бізге онсыз да өте қиын. Ойланыңдар. Біз сендерге не істеп қойдық?,- дейді ер адам.
Сондай-ақ, такси жүргізушісі үш баласы барын, жеке баспанасының жоқтығын және рейтингтің төмендеуі оның онсыз да қиын жағдайын нашарлататынын айтып шағымданды.
Айта кетейік, видеодан ер адамның қай қалада такси жүргізетіні белгісіз.