«Мойнында қолдың ізі тұр»: Экс-депутаттың келінінің жұмбақ өлімі

Oinet.kz 21-09-2023 3632

21 шілдеде екі баланың анасы, биші Зере Әбутәліпова қорадан өлі табылды. Полиция мұны суицидпен байланыстырып, қылмыстық іс қозғаған, алайда жақындары Зере адам қолынан қаза тапқанына сенімді. "Көреміз" бағдарламасы істің мән-жайын анықтап, марқұмның туыстарымен сөйлескен, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

Screenshot_18.jpg

"Бір күн бұрын келгенінде үлгеретін едім. Сенбі келемін деп отырған кезде жұма күні қайғылы хабарды естігенде... Мұндайды үш ұйықтасам да ойлаған жоқпын. Менің қызым өз-өзін өлтірмейді, мен оған сенімдімін, менің жүрегім оған сенімді", - дейді марқұмның анасы Гүлжан Берікболова. 

Оның сөзінше, жақында құдасы қайтыс болған. Содан бері қызының қылығы қайын енесі мен әпкесіне жақпапты. 

"Енесі мен қайын атасы туралы айтатын. "Отырсам опақ, тұрсам сопақ, күн бермейді. Не істесем де осыларға жақпадым" деп. Менің ойым - менің қызы ол үйдің бір сырын біледі. Ол үйде сыртқа тарап кетпесін деген бір сыр бар (...) Зерені бір секунд бізбен оңаша қалдырмайтын. Ажырасам десе ажырастырмайтын", - дейді Гүлжан Берікболова. 

Зеренің артынан екіден енді асқан және бір жасар екі баласы қалған. 

"Қызым күйеуімен сүйіп қосылды. 2020 жылы карантин кезінде ата-әжесінің үйінде ұзаттық. Екеуі үш жыл баянды өмір сүрген. (...) Құдамыз ауданға белгілі меценат, кәсіпкер еді. Қанша адамға шапағаты тиіп жүрген жақсы кісі, ол туралы жаман айта алмаймын. (...) Құдам қызыма өз қызындай қарады. Бірақ құдамыз қайтыс болғаннан кейін қызым хабарласып "атам қайтыс болғалы үйдегі атмосфера, адамдардың қарым-қатынасы өзгеріп кетті, бәрі маған құл сияқты қарайды, күн көрсетпейді" дейтін", - дейді Гүлжан Берікболова. 

Зеренің қайын әпкесі Фатима әкесі қайтыс болғаннан кейін кәсіптің бәрін өзі басқаратынын айтқан екен. 

"Фатима келгелі Фархатқа (Зеренің күйеуі) күн бермейді, сен басқара алмайсың" дейтін. Таққа талас", - дейді Гүлжан Берікболова. 

Марқұмның анасы қайынжұртының қызына күн көрсетпеуіне не себеп болуы мүмкін екенін айтты. 

"Фатима келгелі таққа талас деп ойлаймын. Зере Фархатпен бір отбасы ғой. Фархат не Зерені қорғай алмай, не анасын қорғай алмай екі жақта қалды. Құда кеткелі береке кетті, ұрыс-кері, жанжал болып кеткен", - дейді Гүлжан Берікболова. 

Зеренің ұстазы әрі әріптесі болған хореограф Гүлшат Өтебаева да марқұмның суицид жасады дегеніне сенбейтінін айтады. 

"Тек жақындары емес, бүкіл аудан сенбейді. Аудан кішкентай болғандықтан бәріміз Зерені жақсы танитынбыз. Әріптестері тіпті сенбейді, себебі ол үнемі күліп жүретін. Ешқашан қабағын түймейтін. Әріптес ретінде күшті қыз еді. Мектептің жұлдызы еді", - дейді Гүлшат Өтебаева. 

Кейіннен Зере балалары ауырып ауруханаға түскен. Алайда ауруханада жатқан күннің өзінде енесі күн бермеген екен. Осылайша Зере "шаршап кеттім" деп ағасына хат жазған екен. 

"Не жағдай?" деп сұраған кезде Фархат өзгеріп кеткенін айтты. "Баяғы Фархат жоқ. Ажырасам" деді", - дейді марқұмның ағасы Асхат Айсин. 

Артынша Зеренің күйеуі келіп, сөйлескен. Зере сөйлесіп келгеннен кейін күйеуімен бірге кететінін айтқан. Асхат Айсин қайғылы хабарды естіген күнді еске алды. 

"Қалаға шаруамен шыққан бойда таныс жігітті кездестірдім. Екеуіміз сөйлесіп қалдық. Сонымен кетіп қалдық. Артынша 5 минут болған жоқ, хабарласып "аға, сізге суық хабар айтқым келіп тұр. Қарындасыңызға бірнәрсе болып қалды-ау. Барып көресіз бе? Жедел жәрдем жүр" дейді. Мен келгенде есік алдында полиция тұр. Үйге кірсем күйеубалам мен Гүлмира (Зеренің енесі) сөзге келіспей қалыпты "Осы ма сендерге керегі? Түбіне жеттіңдер ме?" деп жатыр екен", - дейді Асхат Айсин. 

Артынша ер адам қарындасын іздей бастаған. 

"Ешкім ешнәрсе айтқан жоқ. Қарындасым жатыр екен, бетін ашсам сол жақ көзі жағы көгеріп тұр екен. Мойнында қолдың ізі тұр", - дейді Асхат Айсин. 

«Бұл сіз едіңіз»: Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деп айыпталған күдіктіні куәгерлер таныды
«Жыламай көру мүмкін емес»: Танымал блогер Ырысбала Икрамбай ел жүрегін елжіретер әрекет жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу