«Бұл сіз едіңіз»: Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деп айыпталған күдіктіні куәгерлер таныды
Алматыда әйелдің басын кесіп тастады деген күдіктіні куәгерлер таныды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Атышулы іс бойынша тыңдалымда өлтірілген әйелдің таныстары жауап берді. Құрбысыныңң айтуынша, айыпталушы әйелге баспана табуға көмектесетінін айтқан. Сол тағдырлы күні әйел ер адамды саябақта чемодандарымен күткен.
Алматыда басы кесілген әйелдің ісі бойынша төрт куәгерден жауап алынды.
“Бұл сіз едіңіз. Мен сізді сол күні жеке көрдім. Маған қысым жасамаңыз!”, – деді тұрғылықты орны жоқ әйел.
Ольга Куликова марқұммен 13 жыл таныс. Куликова күдіктіні саябақта көрген. Куәгер құрбысы өмірінің соңғы күнінде аш болғанын және жуынғысы келгенін айтады. Сотталушы әйелге пәтер жалдап беретінін айтқан.
“Ол қатты ауырды. Бізден шарап сатып алуымызды өтінді. Ішімдікті ішіп, кетіп қалды. Ол маған "мына шашы жоқ адамды көрсең саябақта заттарымен отыр” деп айтшы деген. “Ол маған пәтер жалдап береді. Мен қатты шаршадым. Тамақ ішіп, жуынғым келеді, дұрыс ұйықтағым келеді" деді. Денис әйелдің шыңғырғанын естіген, мен естімей қалдым", – деді куәгер Ольга Куликова.
Куәгерлер сотталушының жәбірленушіге жақындағанын, содан кейін саябақтың басқа жағына алып кеткенін көрдік дейді.
“Бірнеше метр жүріп, адамның сұлбасын байқадым. Телефон шамын қоссам, оның басы жоқ екенін көрдім. Қорқып, телефонымды өшіріп, қалтама кіріп, аллеяға қайта шықтым. Аллеяда осы адам болды. Қара көзілдірік киген шашы сирек адам екенін байқадым”, – деді куәгер Денис Яровых.
Қылмыс алты ай бұрын болған. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы 47 жастағы әйелдің басын кесіп, сөмкеге орап, дүкенге лақтырып кеткен.