Алматыда кимешек киген бір топ зейнеткер хиджабқа қарсылығын білдірді (видео)
Алматыда кимешек киген бір топ зейнеткер хиджабқа қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Алматыда хиджабқа қарсы акция өтті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.
"Біз хиджабқа қарсымыз. Хиджаб - біздікі емес, арабтікі. Қазақ әйелінің намысы "Кимешекте" жатыр. Міне, апаларымыз бүгін екі, үш ғасыр бойы сақталған "Кимешекті" ұсынды. Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа, қызына немесе келініне, берілетін киелі зат. Біздің "Кімешекте" "намыс, ар-ождан, қазақ әйеліне тән тазалық" бар", - дейді видеодағы әйел.