«Мүгедек қызды соққыға жыққан»: Ақтауда 36 жастағы әйел мен жасөспірім арасында жанжал шықты (видео)

Oinet.kz 19-09-2023 574

Әлеуметтік желіде әйел мен кәмелетке толмаған қыздың төбелесіп жатқаны түсірілген видео таралып жатыр. Оқиға Ақтауда 34-шағын аудандағы №10 үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Желіде жарияланған кадрларда әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашын жұлып, тартып жатқанын көруге болады. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 17 қыркүйек күні сағат 18:28 шамасында көмек сұрап қоңырау түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан қала тұрғынының айтуынша, мүгедек қызын көршісі ұрған.

"Қоңырау шалған учаскелік инспекторлар фактіні растап, бөтеннің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Подслушано Актау (@podslushano_aktau)

Петропавлда 39 жастағы әйел жетім қызды жезөкшелікке салып, жиған бар ақшасын тартып алған
Алматыда кимешек киген бір топ зейнеткер хиджабқа қарсылығын білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу