Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелінің қабырғасын сындырған

Oinet.kz 12-09-2023 726

Ақмола облысы Щучинск қаласында 45 жастағы тұрғын азаматтық некедегі жұбайына дене жарақатын салды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

3 қыркүйекте Бурабай ауданының бөліміне "Авицена-Бурабай" медициналық мекемесінің қабылдау бөлмесінен "оныншы қабырғаның жабық сынуы, жүрекшенің гематомасы" диагнозы қойылған тұрғын жүгінген.

Тәртіп сақшылары әйелдің тұрмыстық жанжалдан дене жарақатын алғанын анықтады.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚК "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Быстрые деньги онлайн в Казахстане: получите кредит без лишних затрат времени и усилий
Алматыда туған қызын 2 жыл бойы зорлап келген әке сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу