Шымкентте фонтанға шомылған 10 жасар бала көз жұмды

Oinet.kz 25-07-2023 720

Шымкентте субұрқақта шомылған 10 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Шымкент полициясына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқаққа суға түскен 10 жастағы жеткіншек оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы сағат 19:30 шамасында Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына хабарлама түскен.

Бала ата-анасының қадағалауынсыз жүрген. Қазір Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Жалпы Шымкент қаласы аумағында суда жаппай демалу, туризм және спортпен шұғылдану үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Ал қала аумағында жалпы 32 фонтан бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр.

Петропавлда 14 жастағы қыз зорланған
«Бетон толтырып, үстіне сарай тұрғызған»: Шымкент тұрғыны өз ағасын өлтіріп, мәйітін жасырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу