Петропавлда 14 жастағы қыз зорланған
Петропавлда 14 жастағы қыз зорланды. Оқиға мамыр айында болған, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері дереу күдікті ретінде облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қазір қамауда отыр.
"Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Расталмаған ақпарат бойынша, жыныстық зорлық-зомбылықтан кейін жәбірленуші жүкті болып қалған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Семейде 9 жасар қызды зорлаған көршісінің сотталғаны туралы хабарлаған едік.