«Аузы мен қолын байлаған»: Алматыда кішкентай қызды ұрлап кеткен 23 жастағы келіншек ұсталды

Oinet.kz 22-07-2023 699

Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Қыздың аузы мен қолын байлап, Алматы облысы Қарғалы ауылының қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды. Осы әрекеттен кейін күдікті баланы босатты. 

Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды. ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көрші әйелдің кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап бұрышқа апара жатқаны түсірілген видео жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Астанада жолаушылары бар автобус қатты желден аударылып қалды (видео)
«Қазір келем» деп, баламды үйде қалдырып, сыртынан есікті бекітіп кеткем, аяқ асты осы жағдай болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу