Әйелі жеңіл босану үшін перзентхана алдында намаз оқып жатқан отағасы елді таң қалдырды (видео)
Желіде перзентхана алдында намаз оқып жатқан ер азаматтың видеосы тарады. Видеода ер азамат әйелінің толғағы жеңіл өту үшін таң намазын оқып жатқанын жазады.
Видеоны көрген желі қолданушылары жылы пікірлерін білдірді.
"Менің жолдасымда сондай роддомға апарып келгеннен намазға тұрады. Мен босанды деген хабарды естігенше оқиды. Сол күйеуім мен үлкен енем мамамдардың арқасы болар толғағым жеңіл өтетіні. Аллаға сансыз шүкірлер болсын!", "Еркек нағыз азамат екен. Біздіңкі туып жатқанымда аты шығып кеткен қатынмен қаңғып нәпсісін тия алмай жүрген. Алла менің қыздарыма әкесі сияқты күйеубала жолықтырмаса екен", "Меніңде жолдасым роддомды айналып жүрді 10 күн бойы, аман-есен босанып қызымызды алып шыққанша", - деп жазды оқырмандар.