«Мемлекет те, адамдары да дамымаған»: Ресейлік транс қазақстандықтарды тілдеді
Ресейлік трансгендер-блогер өзіне қатысты жағымсыз пікір қалдырып, хат жазған
қазақстандықтарға жауап берді.
Әлеуметтік желіде Хилми Фокс деген лақап атпен белгілі блогер мемлекеттен кетуін талап еткен хаттардың скриншотын жариялады.
"Ауру, өмірге өкпесі бар қазақтар, "Қазақстаннан кет" деп маған жазуды қойыңдар. Менің Италияға келгеніме
үш күн болды.
Біле білсеңдер, мен Қазақстанға банк
картасын жасату үшін барғанмын. Бірақ уақыт жетпегендіктен жасай алмадым.
Ал Италияға билет ерте алынды, ол жаққа ұшуыма бір адам себепкер болды.
Негізі сендердің елдеріңе баруды жоспарламағанмын. Бір рет бардым, сол да жетеді. Ол жақта жақсы
адамдар бар.
Негізі мемлекет те, адамдары да дамымаған", – деп
жазды трансгендер.
Бұған дейін трансгендер-блогер Алматыдағы спорт алаңқайында балаларды "мәмбет" деп атап, балағаттаған
еді. Көп ұзамай оның бұл сөздеріне қатысты полиция пікір
білдіріп, тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.