Облыстың бас полицейі жеке құрам үшін ерекше форматта өте маңызды кездесу ұйымдастырды

Oinet.kz 05-04-2023 337

bf1c1716-7034-4cad-a2b4-88890a422876.jpg

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің бастамасымен және төрағалығымен «ҚР Президенті мен ҚР ІІМ тарапынан беріліп жатқан тапсырмалар мен орын алып жатқан оң өзгерістерді барлық жеке құрам назарына жеткізу, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» маңызды жиын өтті. Маңызды шараға облысқа қарасты 17 ауданның жеке құрамы мен консультативтік кеңесші органның мүшелері, Аппараттың басқарма, бөлім басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Түркістан қаласындағы «Конгресс хол» залына ұйымдастырылған жиынды генерал Мұрат Талапұлы өзі жүргізді. Жиынның ерекшелігі модератор мен спикер бас полицейдің өзі болды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының полицияға қатысты айтқан тапсырмалары, Ішкі істер министрінің берген нұсқаулары бар және Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған полицейлердің ұсталуы бейнеленген бейнероликтер ледэкран арқылы жиналғандарға көрсетілді. - 2023 жыл менімен «Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімдері» - жылы деп жарияланды. Демек қалалық және аудандық полиция құрылымдарына, ондағы қызметкерлердің қажеттілігіне басымдық берілетін болады. Қызметкерлерді материалдық жабдықтау бойынша, ғимараттарының жөндеу жұмыстары жүргізіледі! Полиция ол қоғамның айнасы, оның әрбір іс-әрекеті елдің назарында. Жүріс-тұрыс, сөйлеген сөз бен әрбір атқарған іс-әрекет заңды және дұрыс болуы керек. Осыны ұмытпаңыздар! -деп кейбір келеңсіз жайттарды сынға алып, заң аясында жұмыс жасауды ескертті департамент бастығы Мұрат Қабденов. 

Сондай-ақ М. Ермеков, О. Жанқожаев, С. Таңатбаев сынды ардагер полицейлер сөз алды. Олар қызметте жүрген полицейлермен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да ұдайы іске асып, "жұртқа жақын полиция қағидаты" жалғаса бермек. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әлемдегі ең бай адамдар қатарында тұрған 6 қазақстандықтың кім екені айтылды
Р. Райымқұловтың 110 жылдығына арналған байқау. Әр жеңімпазға 500 мың теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу