Түркістан облысының криминалистері ІІО ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады
Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері "Наурыз мейрамын" мерекелеу қарсаңында, құрметті зейнет демалысына шыққан Ішкі істер органдарының ардагерлерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.
Кездесуге 30 жылдан астам уақыт криминалистика саласында қызмет етіп, қылмыстарды ашуға және жас қызметкерлерді тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ішкі істер органдарының ардагерлері Сәдуақас Әділбеков пен Бекболат Тастанбеков шақырылды. Тәртіп сақшылары ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, «Грамота» мен «Алғыс хат» табыс етті.
Өз кезегінде ІІО ардагерлері жедел-криминалистикалық басқарманың жеке құрамы мен басшылығына жылы қабылдағаны үшін ризашылықтарын білдіріп, барлығына зор денсаулық пен қызметте табыс тіледі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі