Полицейлер шетелдік көліктен шолақ мылтық тапты
Саурандық тәртіп сақшылары "Түркістан-Кентау" тас жолы бойынан күмәнді шетелдік нөмірлі "ВАЗ-2114" маркалы көлікті тоқтатады. Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан қос ұңғылы, 16 калибрлі шолақ мылтық табылды. Тәркіленіп алынған қаруға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау деректерін анықтау, болдырмау бағытында жан-жақты жұмыстар атқаруда. Осындай ауқымды жедел шаралар нәтижесінде, Сауран ауданының полицейлері жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тауып, қылмысқа тосқауыл қойды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі