Қазақстандық ер адам өзге адаммен некеге тұрған әйелін сотқа берді

Oinet.kz 03-03-2023 2091

Ер адам әйелі жасырын некеге тұрғанын Дубайдан Грузияға көшкенде білген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтем жасап.

Screenshot_11.jpg

Астана қаласы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыпты Дубайда некеге тұрған. Неке елшілікте, содан кейін ҚР аумағындағы АХАТ органында тіркелген. Сондай-ақ, олар бірге тұрған кезде ортақ балалары дүниеге келген.

Кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, сол елде тұруға рұқсат алған. Алайда құжаттарды алған кезде ер адам жұбайы 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын біледі.

Ер адам осы жағдайға байланысты зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтін айтып сотқа жүгінген. Сот 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында жұбайлар арасында тіркелген некені жарамсыз деп таныды.

Әйел Астана қаласы сотына апелляциялық шағыммен жүгінген. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Түркістан су тасқынына әзір емес
Үстінен жағымсыз иіс шыққан апаны автобустан сүйреп түсіріп тастады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу