53 жастағы еркекке зорланған 15 жастағы қыз жағаұстатар жайтты айтты

Oinet.kz 27-02-2023 5042

Алматы облысы Междуреченск ауылында жағаұстатарлық жағдай болды. 9-сынып оқушысы 15 жасында жүкті болып, бала дүниеге әкелген. Қыздың өзі мен ата-анасы бұл жайтқа 53 жастағы көршісін кінәлап отыр. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg"Біріншісінде үйін жинауға көмектессін" деп шақырған. Көлігіне отырып бардым. Бара жатқан жолда басқа жолға бұрылып кетті. "Жолда полиция қызметкерлері бар. Көлігімнің бір жері дұрыс емес. Сондықтан басқа жолмен барамыз" деді. Ешкім жүрмейтін жолмен барды. Бара жатқан жолда тоқтады. "Көліктен түсе тұршы" деді. Мен "түспеймін, жеткен жоқпыз ғой" дедім. Өзі шықты да есігін ашып, мені шығарып, жүксалғышқа апарды. Болды. Біткен соң біреуге айтсаң, сіңліңе тиісемін деді. Үйге қайтып бара жатқан жолда "әкең мен шешең "неге ерте келдіңдер?" десе, "пәтер жалдаушылары келіп қалды, жинай алмай қайтып кеттік" деп айт деді", - дейді қыздың өзі бұл жағдай туралы.

Ал 53 жастағы көршісі бұл жағдайға кінәлі қыздың 19 жастағы өгей ағасы екенін жеткізген. Өйткені ол мамырда асығыс әскерге аттаныпты. Бірақ қыздың ата-анасы ағасының қарындасына бұлай істеуі мүмкін емес екенін айтқан. Сондай-ақ, Динара да көршісі екінші рет үйінде (көршісінің - еск.) тиіскенін мәлімдеген.

"Бөлмені жинастырып жіберші" деді. "Жарайды" деп бардым. Бөлмеге кірдім, ол да артымнан кірді. Есікті жапты, есік жабылмады, орындықпен тіреп қойды. Маған қайта-қайта тиісе бастады. "Қойыңыз" дедім. Қойған жоқ. Төсекке жатқызып шешіндіріп, істеді де маған "сіңліңе осы жағдай болғанын қаламасаң, ешкімге айтпа" деді. Қорыққанымнан ешкімге айтқан жоқпын", - деді Динара.

Динара аман-есен босанып, қыз туған. Оған Ботагөз деген есім таңдалған. Ал жәбірленуші қыз бағдарлама барысында нәрестені туыстары асырап алатынын айтқан. 

Сондай-ақ, ДНҚ сынамасы да алынған. Алайда оның қорытындысы 1 айдан кейін дайын болады. Ал бұл жағдайға көршісі кінәлі екені дәлелденсе, кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсеткені үшін ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Баспалдақтан құлады деп айтқызып қойды»: Атыраудағы балалар үйінде шу шықты
Түркістандағы емші қыз дәрігер емдей алмайтын ауруларды емдейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу