Полицейлер заңсыз ішімдік дайындап, көлеңкелі бизнес ұйымдастырған сарыағаштық жас жігітті анықтады

Oinet.kz 21-02-2023 278

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында заңсыз арақ дайындаумен айналысқан тұрғынды анықтады. Оның үйіне тінту жүргізген жедел уәкілдер, гаражынан күмәнді заттар тапты. 

Нақтырақ айтсақ, полицейлер айғақты зат ретінде 200-ден астам бөтелкедегі алкоголь өнімі, 150-ден астам әр түрлі алкоголь өнімдерін құюға арналған ыдыстар, 146 дана акциздік марка, этиль спирті мен сұйықтықты бөтелкелерге құюға арналған құрылғыларды тәркілеп алды. 

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 233-бабы "Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. 

Анықталғандай, күдікті уақытша жұмыссыз, жергілікті тұрғын. Ол өз жауабында, бұл заңсыз бизнеспен 2022 жылдың мамыр айынан бастап айналысқанын мойындады. 

Бүгінде оқиғаның мән-жайын, күдіктінің қандай да бір сыбайластарын анықтау мақсатында, тәжірибелі тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан – тарихи туризм орталығы
Полицейлер атыраулық қалта ұрысын ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу