«Бағым бес елі екен» - Ерке Есмахан не үшін бақыттан көз ашпайтынын түсіндірді

Oinet.kz 20-02-2023 2505

Танымал әнші Ерке Есмахан жұбайы Раимға жантебірентерлік жазба арнады. 

Screenshot_1.jpg

"Алла маған бес елі бақ берген екен. Бізді сынайтын адам емес, адамның бәрі - пенде. Өткен өмірімде тұрмыста болып, дүниеге ұл әкеліп, ана бақытын сезінсем де, Алланың бұйрығымен "сырғалым" атандым. Қыздар, маңдайға қандай тағдыр, қандай сәтсіздік жазылса да мойымаңыздар! Алла әр қыз баласына әйел бақытын береді. Бүгінгі қуанышым әр қызға жұғысты болсын", - деп жазды Ерке Есмахан. 

Сонымен қатар әнші Раимның өзіне ән жолдарын арнағанын айтып, жұбайына жан сырын ақтарды.

"Екеуіміз екі бөлек жүргенде маған хабарласып, "Саған арналған тағы бір ән шықты, тыңдашы" деген еді. "Күрсінбе, біз екеуіміз тек әндерімнің ішінде" деген жолдары бар. Жаным-ау, енді тек әндеріңнің ішінде емес, үйіңнің ішінде, бір шаңырақ астындамыз! Алла болашағымызды жарқын етсін", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында. 

Жұбаныш Жексенұлы итальяндық келіні туралы көптен жасырған құпияны айтты
«Ішіне жын кірген»: Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбаздың жынданып кетуіне не себеп?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу