Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында итальяндық келінін ауыз толтыра мақтады.
“Мың келінге татитын бір келін деп айтуға болады. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі, оқығандығы. Ол – консерваторияда пианино класын қызылмен бітірген муызкант. Ал музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес. Үлкен ұлым гитарист. Гитарист пен пианисттен туған кішкентай немерем бар”, – дейді өнер иесі.
“Мен ауылда, қазақы ортада, нағыз қазақ отбасында өскен жігітпін. Басында әрине, біз қарсы болдық. Бірақ жастар дегеніне жетті. Бізге жылдар бойы дәлелдеумен болды. Дегенінен қайтпаса, көп адам солай мақсатына жетеді. Біз олардың махаббатын түсінбегендіктен емес, біздің қазақы болмысымыз жібермеді. Бәріміз қарсы болып, “келініміз басқа ұлттан” деп даурығып жатқанда, әкем: “Ұлттың жаманы болмайды, адамы дұрыс болсын” деді. Осы бір ауыз сөзбен әкем батасын берді, бәрі шешілді”, – деп жауап берді Жұбаныш.