Алматыда ер адам алдымен әйелін сосын өзін атып өлтірген

Oinet.kz 01-02-2023 1297

Алматы қаласы Наурызбай ауданында ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін, сосын өзін атып өлтірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Қайғылы оқиға 31 қаңтарда түнде болған. Алдын ала болжам бойынша, 48 жастағы ер адамның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болған. 

“Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.

«Балаңмен қоса өлтіремін»: Қарағанды облысында әйелін қорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Алматы облысында қаңғыбас иттер мектепке бара жатқан оқушыны талап тастаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу