«Досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген»: Қарағандыда ер адам жүкті әйелін қорлаған

Oinet.kz 31-01-2023 5549

Бүгін, 31 қаңтар күні Қарағандыда әйелін соққыға жығып, оның үстіне, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамға қатысты сот үкімі шығады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_20.jpg

Сот отырысы кезінде прокурор ер адамды бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру керек деген жаза сұраған.

«Сегіз ай бұрын менің жиен сіңілімді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жықты. Сот сараптамасы оның денесінен пышақ жарақатын да тапты. Ең сорақысы, ол әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсіріп, оны видеоға түсіріп тұрған. Ішінде алты айлық нәресте көтеріп жүрген әйелін осындай қорлыққа итермелеп, досын да ашық видеоға түсірген», - дейді Қорға арыз түсірген әйел.

Оның мәліметіне сүйенсек, жәбір көрген келіншек пен оның туысқан әпкесі 2022 жылдың 11 қазанында қоғамдық қорға хабарласқан.

«Әйелінің жүктілігіне қарамастан, азаматтық некедегі күйеуі оны темірмен ұрған, тепкен. «Үш ай бойы жыныстық қатынасқа түспедім» деген досына «сыйлық» жасап, әйелімен жыныстық қатынасқа түсірген. Осы іс бойынша әйелдің күйеуіне қатысты ғана іс қозғалып, досы жауапкершіліктен қашып кетті», - дейді қоғам белсендісі.

Дина Таңсәрі атап өткендей, сот отырыстарында прокурор ер адамды бір жыл алты айға соттау керек деген жаза сұраған. Бүгін Қарағанды соты шешімін шығарады.

Жамбыл облысында суицид жасаған сарбаздың өліміне байланысты тергеуді қайта бастайтын болды
Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков Түркиядан Қазақстанға қайта оралды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу