4 баланың анасын өзінен 10 жас кіші сүйіктісі ұрып, зорлап, үйін өртеп кеткен

Oinet.kz 24-01-2023 6645

32  жастағы Айдана  Көбелдесова 22 жастағы үйленбеген жігітпен жұмыс орнында танысқан. Әскерден жаңа оралған жігіт сол жерге күзетші болып жұмысқа тұрған, сол сәттен бастап Айданаға қызығушылық танытып, көңіл білдірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_33.jpg

«Ол жігіт алдымен маған қайта-қайта жақындап, қызығушылық танытты. Содан телефонымды алып, өз номерін жазды. Сол номерге мен жазып сөйлесіп кеттік. Сол сәтте білдім оның меннен он жас кіші екенін. «Төрт балаңды бағысамын, үйленейік» деп жағамнан алды.

Басында  жақсы көріп жүрген болар деп қатты мән бермедім. Артынша оның мінезі  қызу қанды, ашушаң әлі өзін ұстай алмайтынын түсіндім. Бас тартып, енді кездеспейтінімізді түсіндіргендей болдым. Бірақ ол түн ортасында үйіме келді. Қолында бір бөтелке ішімдігі бар. Үйіме кіріп мені бетімнен бір ұрып құлатты. Артынша  мойнымнан қылғындырып талдырды.

Тұрсам жер қан, қасымда пышақ ұстап отыр. Қарсы бөлмеде ұйықтап жатқан балаларымды тұрғызып, дереу жақын маңда тұратын мамама жібердім. Сыртқа шығығып кеттім өзім де. Сол түні үште келген, бестердің кезінде еркімнен тыс зорлады. Көршім әрі абысыным звондап, үйден түтін шығып жатқанын айтты.

Келсек бүкіл үй жанған, бар дүние жанып кетті. Жедел жәрдем, өртсөндіру, полиция бәрі жүрді. Мен ол жігіттің басын айналдырып қайтемін? Өзім құтыла алмай, басыма қиындық жасап кетті ғой қайта»,- дейді Айдана есімді келіншек.

Screenshot_34.jpg

Әйелдің көршілері болса бұл жөнінде  өрт кезінде білген.

«Өртеніп үйдің түгі қалмады. Бүкіл техника далаға лақтырылды, көріп тұрсыздар. Мен олардың төбелесін көзбен көрмедім. Бірақ сол жігіт мына жерде  бүкіл құтқару қызметі келіп, абыр- сабыр болып жатқанда  Айдананы қуып, ұрмақшы болып жүрді»,-дейді көршісі.

13 жасында зорланып құлдыққа түскен қыз араша сұрайды
Компьютер для дома: как выбрать хорошее устройство
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу