Төлебиде «Туған өлке тарихы» атты интеллектуалды сайыс қорытындыланды
Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойынының қорытынды сайысы өтті.
Мамыр айында басталған сайысқа ауданнан 32 топ қатысты. Екі кезеңнен тұратын интеллектуалды ойында тарихшы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы төрелік етті. Сайыста жүйріктер ауданның тарихы, жер-су атаулары мен Төлеби бабаның өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне қатысты сұрақтар қойылып, өзара бақ сынасты.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жүзден жүйрік шыққандарды марапаттады.
Сайыстың қорытындысында бірінші орынды «Төлеби» командасы жеңіп алса, екінші орынға «Әкімдер» командасы ие болды. Жүлделі үшінші орынды «Алатау» командасы, 4 орынды «Көксәйек» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі