Түркістан: Отырар ауданында газбен қамтылған елдімекендер саны артып келеді

Oinet.kz 18-11-2022 335

Screenshot_5.jpg

Отырар ауданында 12 елдімекенде газбен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысы толық аяқталып отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда 8 елдімекен табиғи газға қосылған. Олар - Ақтөбе, Жаңа және Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам елдімекендері. Ағымдағы жылдың соңына дейін 4 елдімекен (Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір) табиғи газ жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Ал 2023 жылы 7 елдімекен (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Отырар) тұрғындары газбен қамтылмақ. 

- 2022 жылдың 9 айында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 61 млрд. 952 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 24,5%-ға артқан. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі - 14 млрд. 954 млн. 300 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 13 млрд. 713 млн. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 27 млрд. 98 млн. теңгеге жетті, - деді аудан басшысы. 

Отырар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 2 мектеп құрылысы мен бір мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарланған. Сонымен қатар, биыл Қоғам ауыл округінен Талапты дәрігерлік амбулаториясының құрылысы басталған. Нысан 2023 жылы пайдалануға берілмек. Ауданда 2022 жылдың 9 айында 13 010 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Отырар ауданы бойынша 38 елдімекеннің 33-і толық сапалы ауыз сумен қамтылған. Аудан көлеміндегі жалпы автомобиль жолдардың ұзындығы – 863,05 шақырымды құрайды. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағы жол - 641,42 шақырым. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Партиялық емес байқау орталығының 22 мыңнан астам байқаушысы сайлауға қатысады
«Оңтүстік ұстаздар ұстаханасы» –ОҚМПУ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу