Өз тағдырымызды өзіміз жасайық!
20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына міндетті түрде барамын. Осылайша мен елімнің, оның ішінде өзімнің туған жерімнің дамуына өз үлесімді қосатын боламын.
Мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор болған шараға қатысып, өз таңдауымды жасап, конституциялық құқығымды білдіру – ол менің ел азаматы ретіндегі міндетім деп білемін.
Бұл күні әрбір қазақстандықтың даусы маңызды екенін ұмытпағанымыз абзал. Сайлауға жұбайым да, немерелерім де барады. Жолымды жалғайтын ұрпағым саяси науқаннан хабардар болсын, апасы екеуміздің солардың болашағы үшін қандай таңдау жасағанымызды көріп өссін деп ойлаймын.
Нышан ТӨЛЕГЕНОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі