Жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізген полицейлерге дәрігерлер алғыс айтты

Oinet.kz 16-11-2022 353

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері талай тұрғындарға көмек қолын созып, кейбіреулерінің өмірін сақтап қалуда. Тіпті толғағы қысқан келіншекті перзентханаға уақтылы жеткізу үшін қызметтік көлікпен жол бастап, тез арада үлгертті. 

Нақтырақ айтсақ, Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елдімекенінде өздеріне бекітілген аумақты қарап, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Сабыр Абдунасиров пен полиция аға лейтенанты Нуриддин Әбілхайырды белгісіз көлік тоқтатады. Жүргізушімен тілдескен тәртіп сақшылары оларға көмек қажет екенін біліп, бірден іске кіріседі. Түркістан қаласына қарай қызметтік көліктерінің арнайы жарықшамдарын жағып, дауысзорайтқышты қолдану арқылы жолдағы кедергілерді ашып, дер кезінде жеткізеді.

Полицейлердің әрекетіне риза болған Созақ аудандық орталық емханасының акушері Дина Айтжанова: "Біздің Сая есімді жас келіншегіміз айы-күні жетіп, босанатын болды. Біздің міндетіміз жүкті келіншекті аман-есен облыстық №3 перинаталдық орталыққа жеткізу. Осы аралықта жедел жәрдем көлігіміз бұзылып, ауылдан басқа жеке көлікпен шықтық. Кентауға қарасты жолға жеткен кезімізде, кептеліске кезіктік. Жол бойында қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін көріп, көмек сұрадық. Олар бірден бізге көмектесуге келісті. Соның нәтижесінде бірінші жүктілігі болған келіншекті перзентханаға аман-есен жеткізіп, қуанып тұрмыз»,-деп өз ризашылығын білдірді. 

Кентаулық учаскелік полицейлер: "Жас әйелдің тез арада перзентханаға жету керектігін біліп, қызметтік көліктің дабылын қосып, жедел түрде перзентханаға жеткіздік. Ең бастысы бала аман-есен туылса болды. Полицей болғандықтан қашанда халыққа көмектесуге дайынбыз"-деп болған жайды баяндады. 

Көріп отырғандарыңыздай, тәртіп сақшылары күні-түні қоғамның тыныштығын күзетіп, өзгелерге қорған болып, керек кезде қолдаушы да бола алады. 

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жас жігітті анықтады
Мақпал Жүнісова: Күйеуге шығайын деп жатырмын. Қыз жолдас - Айжан Нұрмағамбетова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу