Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды

Oinet.kz 09-11-2022 359

Screenshot_7.jpg

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, үйінің алдына жайылымға жіберген 6 бас қаз, яғни үй құстарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, шұғыл іздестіру шаралары атқарылды. Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған аймақты аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап, мұқият тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы үй құстарын артып әкеткен көлік анықталып, оның жүргізушісі күдікке ілінді. Содан күмәнді жүргізушінің жеке басы анықталды. Жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті жол бойында қараусыз жүрген құстарды үйіне жасырған. Ол құстарды сатып, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Алайда ойы іске аспай, тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында үй құстары тәркіленіп алынып,  заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде қаздардың иесі, жергілікті тұрғын шынайы ризашылығын білдіріп, полицейлерге алғысын жаудырды. Жұмыстарына сәттілік тіледі.    

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Келестік полицейлер тұрғынның жоғалған 57 бас қойын тауып берді
Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу