Сайлауға салғырт қарамайық!

Oinet.kz 01-11-2022 321

Screenshot_5.jpg

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр. Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар. 

Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Республикалық Референдум өткізу туралы шешім – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы арқылы бастау алды. Референдумда халық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Осылай отандастарымыз мемлекетіміздің болашағын айқындауда өз қалауын білдірді. 

Шыны керек, соңғы кездегі өзгерістерге халық қолдау білдіруде. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жаңа жас көшбасшылар билікке келіп, халықтың қалауы орындалуда. Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп, ал кезең-кезеңімен орындалатын шаруалар да аз емес. 

20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек менің ғана емес тұтас елімнің болашағы айқындалатынын анық білемін. Ол күні мен әдеттегідей өз сайлау учаскеме сайлаушылардың алдыңғы қатарында баруға бел будым. 

Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау - әрбiр қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді.

Нұрғали ОТАРОВ,

Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК
Өзгенің мүлкін жалға алып, бас пайдасы үшін сатып жіберген алаяқ ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу