Жастар Әділетті Қазақстанды қолдайды!
Жастар болашақтың жемісі. Оларға тәлім-тәрибе беру ісінде табандылық танытып, жақсылыққа жол сілтеуіміз аса маңызды. Осы орайда ҚР Президенттігіне кандидат Қ. Тоқаевтың сенім білдірілген өкілдері А.Қабылбеков, Ғ.Медеуов, Ә.Төлеген, А. Бақытжанұлы аудан жастарымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесуде жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін орталық салынатыны айтылды. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтермек. Әрбір жас өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алады. Сондай-ақ балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде сауықтыру лагерлері ашылатыны тілге тиек етілді.