Сайлауда әр азаматтың дауысы ел ертеңі үшін маңызды

Oinet.kz 26-10-2022 300

Screenshot_9.jpg

Ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар - еліміздің дамуын көздейтін жаңа бастамалар. Халық саяси жүйенің өзгеретініне, билік тармақтары арасындағы тиімді тепе-теңдікке сенім артуда. Сенім-сеңгір тауды да қозғайды. 

20 қарашада өтетін Президент сайлауы қоғамның жаңаруы мен жаңғыруының көрінісі болмақ. Сайлау елімізге тұрақтылық, конституциялық реформаларды іске асырып, саяси жаңғыруды әкеледі. Бұл - еліміздегі маңызды өзгеріс.

Кезектен тыс сайлау әр жанұяға,әр азаматқа, келешекке нық қадам жасауға бағыт-бағдар береді. Сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал. Мен сайлауға қатысамын және сіздерді де белсене қатысуға шақырамын. 

Сіздің дауысыңыз – ел ертеңі үшін маңызды.

Айдос АБПАЗОВ, 

Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры

Роза Рымбаева ұлы мен келінін не үшін бөлек шығаратынын айтты
Республика күні - елдік пен мемлекеттілік арқауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу