Таразда дүниеге келген үшем қызға анасы ерекше есімдер қойды

Oinet.kz 23-10-2022 8600

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында үшем дүниеге келді. Қазір шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. 

Screenshot_7.jpg

Үшемдер Абдуллаевтар отбасында дүниеге келген. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, үшемдер әкесі Алинур Абдуллаев супервайзер, ал анасы Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Отбасының үшемдерге дейін 2015 жылы және 2018 жылы дүниеге келген қыздары бар. 

Үшем қыздар жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980, 2120 және 2020 грамм болған. Оларға Айлин, Алия және Элиф есімі берілді. Қазіргі уақытта шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. 

"Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда. Балалар анасымен бірге", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Президент сайлауы: 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу