Президент сайлауы – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам
Сайлауға қатысу, дауыс беру – әр адамның болашақ ұрпақ алдындағы парызы деп санаймын.
«Неге менің дауысым маңызды?» деп ойлайтындар да бар. Мүмкін дәл сіздің дауысыңыз ел тізгінін кім қолға алатынын шешетін дауыс болатын шығар. Еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Бұл - үлкен жауапкершілік.
Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажет. Мен бұл сайлаудың болатындығына шын ниетпен қуандым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың ашық, әділ өтетіндігін айтқан еді. Ендеше, ел тізгіні халықтың үмітін ақтайтын тұлғаға бұйыртсын деп тілеймін.
Жақсы әрі жағымды жаңалықтар мен өзгерістер күте отырып мен алдағы келе жатқан Президент сайлауында өз таңдауымды жасап, дауыс беремін. Сіздерді де сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Сіздің даусыңыз – ел үшін маңызды!
Самат АБУЛАМАТҰЛЫ,
Түркістан облысы Созақ аудандық «Value» волонтерлар ұйымының мүшесі, блогер