Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Атырауда салафизм ағымын ұстанушы әйел біреудің пәтерін өртеп жіберді. Бар пәле әйелдің "күйеуімен" алғашқы түн өткізуінен кейін басталған, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Аikyn.kz порталына сілтеме жасап.
А.Т. – Атырау қаласының тұрғыны. 28 жастағы әйел "ВКонтакте" желісі арқылы Орал қаласының тұрғыны Б.А.-мен танысады. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған онлайн таныстық ұзаққа созылмайды. Арада бір ай өтер-өтпестен екеуі неке қиюға сөз байласады.
Сөйтеді де "күйеу жігіт" Б.А. Оралдан Атырауға келеді. Бұл 2022 жылдың 7 қаңтары еді. Ғашықтар өзара "неке қиып", жігіт Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданынан жалға екі бөлмелі пәтер алады. "Неке түнінен" кейін екеуінің арасында жанжал болады. "Күйеу жігіт" әйелдің өзіне ұнамағанын айтып, талақ айтып, пәтерден кетіп қалады. Ашуға булыққан әйел "күйеу жігіттен" кек алмақ мақсатында жалға алынған пәтерді өртеп жібереді.
Неке қияр-қимастан ажырасқандардың салафизм ағымын ұстанушылары екені белгілі болып отыр.
Қазір атыраулық әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағы, 202-бап 2-бөлігі бойынша қлымыстық іс қозғалды.
Біреудің үйін өртеп жіберген 28 жастағы әйел бұған дейін де бұзақылық бойынша сотталған болып шықты.
Қазір әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Құзырлы органдардан білгеніміздей, қылмыстық із қозғалып жатқан әйел 3 000 айлық есептік көрсеткіштен 7 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл төлеуі мүмкін. Немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе осындай мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.