Кішкентайымда зорланып, қазір тұрмысқа шығуға ұялып жүрмін...

Oinet.kz 01-10-2022 7517

Көп қыздар балалық шақтарын қуанышпен еске алады. Ал мен мүлдем ойлағым келмейді. Менің өмірімді түбегейлі өзгерткен балалық шағымды ұмытқым келеді. Бірақ қолымнан келмей жатыр.

Screenshot_4.jpg

Кішкентайымнан көп сынақпен сыналып келемін. Әлі есімде, ол кезде жасым бар-жоғы 9-да.  Көшеде балалармен доп ойнап, скакалка теуіп жүретінмін. Ата-анасының құшағында еркелеп жүрген кішкентай қыздың тағдыры осылай болады деп кім ойлаған?!

Біздің көршіміз жақында түрмеден шықты. Кісі өлімі бойынша сотталып, жазасын өтеп түрмеден шыққан еді. Әйелі мен балалары қуанып, туыстарын жинап, тамақ берді. Сол жиынға біздің үйдегілер де барып қайтқан. Көшеде ойнап жүрген кезімде түрмеден шыққан көкемізді көріп, амандасып, еркелеп тұратынмын қасында. Баламын ғой, кім еркелетсе соған мәз болып отырамын. 

Бір күні көшеде балалармен ойнап жүргем. Сол көкеміз шақырып, біраз уақыт үйдегі 2 жасар балаға қарап тұруымды сұрады. Ойымда ештене жоқ, үйіне кірдім. Бірақ табалдырықтан аттауым өмірімдегі ең үлкен қателігім болған екен. Ол мені өздерінің жатын бөлмесіне кіргізіп, есікті іштен құлыптап қойды. Мен сол сәтте қатты қорықтым. Кейін есімді жиған соң не болғанын түсінбей, қалтырап жылай бердім. Бірақ сол сәт мәңгі менің есімде қалды.  

Бұл оқиға туралы ешкімге ашылып айта алмадым. Көкем «егер айтатын болсаң, сені өлтірем» деп қорқытты. 

Сол оқиғадан соң бірнеше жыл өтті арадан. Есейіп, мектепті үздік аяқтап, жоғары оқу орнына грантқа түсіп, ауылдан кеттім. Қайта барғым келмейді ауылға. Жақында анаммен сөйлестім. Сөз арасында мені зорлаған көкемнің кісі өлімі мен ұрлық бойынша қайта түрмеге түскенін айтып қалды. 

Қазір жасым 24-те. Анам тұрмысқа шыққанымды қалайды. Өзіммен қатар қыздар тұрмыс құрып, ана атанып жатыр. Айналамдағы барлық адамдар тұрмысқа шығу керектігі туралы айтады. 

Әрине, менің де тұрмысқа шығып, ана атанғым келеді. Бірақ қорқамын! Ата-анамның атына кір келтіремін, жаман атым шығып кете ма деп қатты қорқамын. Менің басымнан өткен қиын тағдырды өзімнен өзге ешкім білмейді. 

Бірнеше жыл дос болып, араласып жүрген жігіт сөз салды. Мені шексіз жақсы көретін, құрметтейтін. Осы менің менің болашақ жарым деп ұсынысын қабылдадым. Бірақ той жақындаған сайын бойымды қорқыныш биледі. «Сол күн» туралы айтуым керектігін түсіндім. Алғаш рет бәрінен жасырып жүрген сырымды айттым. Мені түсініп, қолдайды деп ойлағаным бекер болды. Керісінше, маған сенбей, мені балағаттап, тойдан бас тартты. Бірақ нақты себебін ешкімге айтпай, тыныш айырылыстық. 

Тойдың тоқтағаны менен гөрі, ата-анама қатты тиді. Ата-ана үшін қызының бағы ашылмауы ең үлкен қасірет шығар?! Бірақ анама шындықты айта алмадым.

Сөз салып жүрген жігіттер көп болғанымен, мен өзім тұрмыс құруға қорқамын. Енді не істеймін? Өмірімнің соңынан дейін екі тіземді құшақтап өтпейтін шығармын. Неге өмір әділетсіз?!

Жанардың хатынан, 

Тараз қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келеді - ОСК
Түркістан облысында Президент сайлауына тыңғылықты дайындық бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу