«Келіндерге туған күн тойлауға болмайды»: Жазира Байырбекова шындықты айтты

Oinet.kz 27-09-2022 3221

Жазира Байырбекова туған күнін тойламайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Screenshot_2.jpg

"Жақындап қалған туған күнімді биыл да тойламаймын. Тұрмысқа шыққанда апам (енем) "біздің ауылда келіндер туған күн тойламайды" деп айтқаннан бері тойламай келемін.

Ауылда қазір бәрі өзгерді. Менің санама қатты сіңіп қалды ма, өзгере алмай жүрмін. Алдын ала айтып қояйын. Мен туған күнімде де жұмыста боламын.

Алла қаласа Қазбек үйленіп, келінді болып, бір саты өскеннен бастап құда-құдағиыммен бас қосып тұру үшін тойлаймын деп ойлаймын", - деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

1 сәуірден бері қанша ресейліктің ЖСН рәсімдегені белгілі болды
Түркістан облысында 26 мектепке, 3 кітапханаға тарихи тұлғалардың есімі берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу