1 сәуірден бері қанша ресейліктің ЖСН рәсімдегені белгілі болды

Oinet.kz 27-09-2022 726

1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеген. ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

"1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 ЖСН алған. Ал ықтиярхатты сол аралықта 4 271 ресейлік рәсімдеген. Оның ішінде 116-сы – этникалық қандасымыз. Ықтиярхат алудың ерекше тәртібі бар екенін білетін шығарсыздар. Оның әрқайсысы өздерінің төлем қабілетін дәлелдеді. Бұл – 1320 АЕК көлемінде, яғни 4 млн теңгеден астам деген сөз", - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ оның мәліметінше мәліметі бойынша, 21 қыркүйектен бері 8 мыңнан астам шетелдік ЖСН алғанын айтты. 

"Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстанға шетелдіктердің келуі туралы деректерді көші-қон қызметінің органдары шекара қызметінің ақпараттық жүйесінен алады. Қазіргі таңда бізге бірқатар ақпарат келіп түсті. Біз оны шекара қызметінің деректерімен салыстырып, талдадық. 21 қыркүйектен бастап 98 мыңдай ресейлік көлікпен кіріп, 64 234 ресейлік көлікпен шығып кетті. ЖСН алу мәселесіне келсек, 21 қыркүйектен бері 8 мыңнан сәл асатын Қазақстан резиденті емес адам ЖСН алды", – деді Аслан Аталықов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетелдіктердің санын айтты. 

"Ал азаматтық рәсімдеуге 441 тұлға өтініш берді. Оның 117-сі – Ресейден келген этникалық қазақ", - деді Аслан Аталықов.

Мамандығы, білімі бар азаматтар 70 мың теңгеден жоғары алуы керек - министр
«Келіндерге туған күн тойлауға болмайды»: Жазира Байырбекова шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу