Назарбаев: «Қазақстанда екі Президент жоқ. Қазақстанда 1 ғана Президент бар»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан XII Астана экономикалық форумында Қазақстанды «Екі президент басқарады» дегенге қатысты пікір білдірді.
«Мен сіздерге ыңғайсыздық тудырып жатқанымды білемін: алдымен, «тұңғыш президент» сосын «президент» деп хабарлайсыздар. Алайда, Қазақстанда мұндай екі президенттік басқару жоқ. Бір ғана президент бар және ол – ең бастысы», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Айта кетейік, АЭФ-тың басты мақсаты – жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру. Астана экономикалық форумы 11 жылдың ішінде әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттары және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлері қатысып үлгерген.