Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Егер, Путин үш жүз мың адамды жинап соғысқа апарып салатын болса Запорожье облысы қан қасап майданға айналады. Себебі, мобилизация арқылы майданның рухын көтеру үшін қысқа дейін Запорожьені толықтай басып алмақшы. Бірақ, үш жүз мың адамның жоқ дегенде жүз мыңы қар астындағы тыңайтқышқа айналады. Дені дұрыс техникасы мен қаруы жоқ басқыншылар Батыстың қаруының алдында мясорубка болады. Әскерінің дені әскери тәртіптен хабарсыз, 1969 жылғы керзвый етік, 1984 жылғы күпәйкемен жүрген мыналардан біздің Тарбағатай тауының малшылары қалың киінеді.
Бірақ, Путин әскерінің қырылғанына қарамай от аузына тастайды. Бұндай жағдайда Зеленский Запорожьені тастап шығуы ықтимал. Әскерін қырып алмас үшін. Бір-екі айдан кейін қарсы шабуылмен бәрібір қайтарып алатынын бәрі көрді. Ал, Неге Запорожье?
Кремль қазір Донбасс пен Луганск бағытына бас қатырып отырған жоқ. Өйткені, Луганск толықтай орыстардың бақылауында. Донецк облысының 65% да солардың қолында.
Ең үлкен сұрақ 300 мың адамға қаруды қайдан табады? Ауғанстан мен Сомалиден сұрай ма?) Мобилизацияға жинай алмаса ше? Онда қызыл кнопканы басады-ау. Путинге екі қойың бір сом болып тұр.
Оңғар Қабдендің Facebook парақшасынан