Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кеше інім тойға барып келді. Имам келіннен сыйлыққа не алғың келеді деп сұрапты. Келіншек мұның белгіленген құны жоқ қой иә деп сұрап алған. Молда қалағаныңды сұрай аласың деген, қыз НАН сұрады дейді. Аң-таң болған куәгерлерге:
- Өмір ғой, әртүрлі сынаққа бірге төзіп, тату болып, бір нанды бөліп жесек маған сол жетеді, - депті. Екеуі нанды бөліп жепті солай, жұрттың көзінше.
Естіп ондай да болады екен-ау деп қатты таң қалдым! Қыздың ақылына риза болдым. Той кеше болды, некеден екі жыл бұрын өткен екен, бұл сол кезде болған жағдай.Жігіттің атасы қатты науқастанып жатып, той көріп кетейін деп немересін үйлендірген. Жасыүлкендер келін түскен күні неке қидырған. Бұл келіннің сол үйдің босағасын енді аттаған шақта айтқаны.
Той жасауға үлгермепті, қария қайтыс болған. О кісінің жылдық асын өткізейік деген. Сол арада келіншек ұлды болыпты. Тойды ұлдары қолға сәл ілініп, өскен соң жасайық деп ұйғарған. Екеуінің де жүзі жарқын, өте бақытты дейді інім.
P S. Әңгіменің әсерінен көпке дейін арыла алмадым, сол үшін осында жазып отырмын. Баршын мен Құртқаның сіңлілері бар ғой әлі де, елім дейтін ерлер де сондай саналы, текті келіндерден туар..
Камила Аймбетованың Facebook парақшасынан