Түркістанда көлік алып беремін деп тұрғынның ақшасын алған күдікті анықталды

Oinet.kz 12-09-2022 545

Screenshot_6.jpg

Түркістан ҚПБ-ға  жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша өзінің танысы жеңілдетілген несиемен  автокөлік алып беретінін айтып 800 000 теңгесін алып кеткен. Алайда  бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де,  не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары күдіктіні  анықтау  мақсатында  ақпарат  жинады. Нәтижесінде   күдікті деп танылған ер адам жұмыссыз  жергілікті тұрғын болып шықты. 

Белгілі болғандай,  күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшасын  қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. 

Өз кезегінде Түркістан облысының  полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, көлік алып беремін,  несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. 

Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

Танысының алтын сақинасын ұрлап кеткен күдікті әйел анықталды
Түркістан облысының полицейлері 4 жайт алаяқтық жайтына қатысы бар келіншекті анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу