Халық банк несиесі барлардың қарызын кешіретін болды

Oinet.kz 05-09-2022 7107

Қостанай облысындағы өрт салдарынан үйсіз қалған отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Halyq Bank-тің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Screenshot_5.jpg

Хабарламаға сәйкес, үйсіз қалған отбасылардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл үйді жалға алу, киім-кешек, азық-түлік пен өзге де қажетті тауарларды сатып алуда көмек болады. 

Сонымен қатар банк басшылығы үйі өртеніп кеткен азаматтардың Halyq Bank-тегі несиелерін кешіру туралы шешім қабылдаған. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр өрт салдарынан баспанасыз қалғандарға жаңа үйлер салынатынын мәлімдеген еді. 

Мемлекет басшысы Қостанайдағы апатқа қатысты бірқатар тапсырмалар берді
Түркістан: Мақтааралдықтар Қостанайға 23 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу