Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жуырда ұлын үйлендірген Айнұр Тұрсынбаева қандай ене? Бұл сауалға айтыскердің келіні Мадина жауап берді. Ол отбасылық өмірі жайлы сұхбат берді.
Тұрсынбаеваның жалғыз ұлы Беклан мен Мадина биыл мамыр айында некелерін қидырды. Алайда қыздың ұзатуы енді болады. Келінге сырға салынатын күн де белгілі – 2 қыркүйек. Ұзату той бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтсе, үлкен той 12 қыркүйекте Ыстамбұлда өтеді деп жоспарланып отыр.
"Біз алдымен дос болдық, үш жылдан кейін жұп болдық. Өз таңдауыма сенімдімін. Той алдында тек жақсы толқыныс бар. Бірақ көңіл күйім бірқалыпты", – деп ағынан жарылды Тұрсынбаеваның келіні Мадина.
Сондай-ақ, ол халық айтыскер ақын деп танитын Айнұр Тұрсынбаеваның қандай ене екенін айтып берді.
"Ең жақсы ене. Ылғи "историяма" жауап береді, "қалың қалай?" деп сұрайды. Көп сыйлық береді. Келгенде, бізге тек жақсы көңіл күймен қарайды", – дейді Мадина.
Қазіргі уақытта Тұрсынбаеваның өзі Түркияда, ал ұлы мен келіні Алматыда тұрады екен.