Танымал актриса өгей енесі мен ұрғыш күйеуінің кесірінен ажырасқанын айтты

Oinet.kz 26-08-2022 1738

Актриса Жанель Мақажан бірінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді. Айтуынша, экс-жары үйде жиі жанжал шығарып, тіпті, қол көтеруге дейін барған. Мұның барлығы Жанельдің қос жеткіншегіне кері әсер еткен. Бұл туралы Жанель Айнұр Ілиясованың MOM'sкий әңгіме подкастында айтты.

Screenshot_5.jpg

Жанель бұрынғы жұбайымен жеті жыл некеде болғанын айтады. Осы уақыт ішінде актриса бір қыз бен бір ұл баланы өмірге әкеліп үлгерген. Сөзінше, олардың ажырасуына күйеуімен ара-қатынасы, қол көтеруі, үлкендердің ортаға араласуы мен материалдық жағдай себеп болған.

"Енем өгей болды. Ол менен 7 жасқа үлкен еді, арамыздағы әйелдік қарым-қатынаста бәсекелестік болды. Ата-анадан сепарация болмағаннан кейін, бала ата-анасынан алыстай алмайды. Біздің отбасымызға тіреу болмағандықтан, ондай еркекті отбасымыздың тірегі деп айта алмаймын. 

Үйдегі ұрыс-керісті, маған қол көтергенін қызым көрді. Жүрегіне қатты қабылдады. Қызымның тарапынан: "Мама, бөлек тұрайықшы", - деген әңгіме болғаннан кейін өзім соған дайындалып жүріп, ажырасып кеттік. Оған материалдық жағдай, туысқандардың араласуы, өзіміздің арамыз бар", - дейді Жанель Мақажан. 

Әйтсе де, ештеңеге қарамастан, бүгінде жасөспірім шағына келген балалар әкелерімен араласып тұрады екен.

Қайын атасын келеке қылған келін елдің ашуына тиді (видео)
Алматыда дәретханадан табылған нәрестенің жағдайы ауыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу