Жетісайда аптап ыстықта 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы көлікке қамап кеткен

Oinet.kz 25-08-2022 863

Жетісайда аптап ыстық кезінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы көлік ішіне қамап кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_40.jpg

Жетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан.

Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды. 

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткен.

Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткен.

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.

Шыңғыс ханды дәріптесеңіздер, онда Гитлер де керемет тұлға
Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің денесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу