Кәсіпкерлік палатадан 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел анықталды

Oinet.kz 25-08-2022 432

Screenshot_6.jpg

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Бизнес бастау» кәсіпкерлік палатадан қайтарымсыз 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп, әбден сеніміне кірген. Осылайша, жәбірленушіден ақы үшін 710 000 теңге ақша алып, алдап кеткен. Арада 1 жылдан аса уақыт өтсе де, созбалаңқылыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті жұмыстарды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті, яғни  жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп, оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие әперемін, болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Үйінің ауласына «сора» есірткісін еккен тұрғындар қамауға алынды
Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу