Үйінің ауласына «сора» есірткісін еккен тұрғындар қамауға алынды

Oinet.kz 25-08-2022 437

Screenshot_5.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы кезінде  2  тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды.  

Полицейлер  күдіктілердің  үйіне барып, олардың ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады.  Нәтижесінде алынған өсімдіктің  90 түп «сора» есірткісі екендігі анықталды.  Сондай-ақ күдіктілер өзгенің егін алқабында жұмысшы болып істейтіндері расталды. Қазіргі таңда күдікті деп танылған  2 ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысу заңға қайшы екенін  ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«AMANAT»: Депутат бірқатар мәселелерге назар салды
Кәсіпкерлік палатадан 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу